Accessibility links

Газа секторына әуеден соққы берілді


Газа секторына әуеден соққы берілді
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:59 0:00

28 шілде күні Израиль әскери әуе күштерінің Газа секторына берген соққысы салдарынан бірнеше тұрғын үй мен БАҚ редакциялары кеңселері бүлінген. Әскери ұшақтар ХАМАС қозғалысы жетекшілерінің бірі Исмаил Ханидің үйін нысанаға алғаны, бірақ ешкім зардап шекпегені хабарланды. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ел палестин анклавындағы қарулы қақтығыстардың ұзаққа созылатындығына дайын болуы керек деп мәлімдеді. Үш аптаға жалғасқан ұрыстар барысында мыңнан аса палестиналық және 45 израильдік қаза тапқан. Құрбан болған палестиналықтардың көбі - бейбіт тұрғындар, Израиль тарапынан негізінен әскерилер мерт болған. Соңғы күндері Израиль мен Газа секторын бақылайтын ХАМАС тобы арасында бірнеше рет атысты тоқтату жайлы қысқа мерзімді уақытша бітім жасалып, бірақ кейін бірнеше мәрте бұзылған.

XS
SM
MD
LG