Accessibility links

Үнсіз шеру


Үнсіз шеру
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00

Үнсіз шеруге қатысқандар «Бұл - әскери қылмыс», «Газаға шабуыл тоқтасын», «Қарап отыра алмаймыз» деген және т.б. сөздер жазылған плакаттар ұстап шықты. Ақпараттарға қарағанда, Израиль шабуылдарынан 1 мың 410 палестиналық қаза тауып, 7 мыңнан аса адам жараланған. Ұйымдастырушылар «Шеруді қаза тапқан адамдардың рухына бағыштадық» дейді. Наразылар үнсіз жүріп отырып, Израиль консулдығына дейін барды. Шараға қатысқан раввин Давид Фельдманның айтуынша, «Израиль Палестинаға басқыншылық жасап отыр. Мұны барлық еврейлер қолдамайды». Израильдің Газа секторына шабуылы 8 шілде басталды. Тель-Авив мұнысын Газа секторынан атылған зымырандарға жауап ретінде түсіндіреді. Бүгінге дейін 56 Израиль сарбазы қаза тапты.

XS
SM
MD
LG