Accessibility links

АҚШ Израильдің БҰҰ мектебіне шабуылын сынады


Дәрігерлер Израиль күштері шабуылынан жараланған палестиналық қызды әкетіп барады. Газа секторы, 2 тамыз 2014 жыл.
Дәрігерлер Израиль күштері шабуылынан жараланған палестиналық қызды әкетіп барады. Газа секторы, 2 тамыз 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псакидің сөзінше, АҚШ Израильдің Газа секторында БҰҰ мектебіне атқылауын "арсыздық" деп қабылдаған. Ол Израильді "өз талаптарына сай болуға және бейбіт тұрғындарды құрбан етуден сақтануға" шақырған.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун шабуылды "моральға қайшы әрекет және қылмыс" деп атады. БҰҰ дерегінше, Рафах қаласындағы босқындар жасырынған мектепке жасалған шабуылдан 10 адам қаза тапқан. Израиль мектепке соққы жасалғанын растап, қазір оның салдарлары талданып жатқанын мәлімдеді.

Израиль күштері Газа секторында ХАМАС ұйымымен ұрыс басталған 27 күн ішінде БҰҰ-ның осымен үшінші мектебіне соққы беріп отыр.

Ұрыстар басталғалы Газа секторында 1770-тен астам палестиналық мерт болды. Олардың көпшілігі бейбіт тұрғындар. Израиль тарапынан 64 сарбаз мен үш бейбіт тұрғын қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG