Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері арасында құрылған кеден одақтың тиімді және тиімсіз тұстары. Аталмыш елдердің Кеден одағы үстіміздегі жылдың 6 шілдесінен бастап заңдық күшіне енді. Алдымен Кеден одағы шілденің 1-і күні Ресей мен Қазақстан үшін жұмыс істей бастаған болатын. Ал Беларусь мұнай бағасына қатысты Мәскеумен арадағы келіспеушіліктер реттелген соң бір аптадан кейін ғана Кеден одағын құру туралы құжатқа қол қоюға келісті. Азат социал-демократиялық жалпы ұлттық партиясының төраға орынбасары Петр Свойктің пікірінше, кеден одағына басқа да бұрынғы Совет Одағының мүшелері кіріп, кедендік одақ шекарасын кеңейтуі мүмкін. Алайда, кеден одағының болашағына күмәнмен қарайтындығын айтқан саясаттанушы Досым Сәтбаев, Қазақстан мен Ресей арасындағы кедендік одақтың болашағы бар, алайда Беларусь пен Ресей арасында тағы да келіспеушілік туындап қалуы мүмкін деп есептейді.

XS
SM
MD
LG