Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда қолданысқа еніп, кең тарала бастаған халал тағамдар халық арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. «Халал» - рұқсат етілген нәрсе деген ұғымды береді, оған қарама- қарсы «харам» сөзі - тыйым салынған деген мағынада қолданылады. Ресми дерек бойынша, Қазақстанда арнайы сертификат иеленген 400-ге жуық халал өнім өндірушілер бар. Оларға қойылатын басты талаптар: мал бауыздайтын қасапшылардың мұсылман болуы және сойылатын малдың ауру болмауы назарда ұсталуы керек. Сойылуға тиіс қай жануардың түрі болмасын, токпен немесе басқа ауыр құралдармен ұрып өлтірілмеуі тиіс. Халал тағамдар талапқа сай өндіріле ме, қалай дайындалады және халал тағамдар тұтынушылар көңілінен шығып отыр ма деген сауалдар төңірегінде дайындалған талдау хабарды мына жерден тыңдай аласыздар.

XS
SM
MD
LG