Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына ағымдағы жылы 165 жыл толып отыр. Абай Құнанбайұлы өз заманында неміс ақыны Гетенің, орыс ақындары Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазірде Абай шығармалары шет тілдерге аударылып келеді. Алайда, орыс тілі арқылы басқа тілдерге аударылып келе жатқан Абай шығармаларының аудармаларына абайтанушылардың көңілі толмайды. Осылай деген абайтанушы Мекемтас Мырзахметов Абайды түпнұсқадан тікеле аударған марқұм аудармашы Ғалымжан Мұқанов болғанын және Абай шығармалары шет тілдеріне тек қана тікелей түпнұсқа арқылы аударылу қажет екенін айтады. Алайда, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай Абай Құнанбайұлы ұлттық ақын сондықтан оны толық мағынасында өзге тілдерге аудару мүмкін емес деп отыр.

XS
SM
MD
LG