Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Қазақстан телеарналарында қазақ тіліне аударылып көрсетіліп жатқан шет елдік телехикаялардың сапасы, олардың адам көңіл-күйі мен тұрмысына әсері турасында «Уақыт бедері» айдарында сөз болады. Осыдан бірза жыл бұрын Қазақстан телеарнасынан алғаш «Изаура күң» телехикаясы көрсетіле бастады. Одан соң Мексиканың «Қарапайым Мария» мен «Жабайы Розасы», кейіннен Қазақстан телеарналары Бразилияның бірнеше телехикаясын қатар-қатар көрсетті. Одан кейін Ресейдің телехикаялары біртіндеп шыға бастады. Қазіргі кезде Қазақстан халқына түрік және корей телехикаялары танымал болып тұр. Азаттық радиосына сұхбат берген психолог Анна Мергенбайқызы телехикаялар адамның сезімін оятады, мәдениеттілікке үйретеді деген ой-көзқарасын айтады. Бұрындары телехикаялардың көбі орыс тілінде болса, қазір көп сериялы «көбік» фильмдердің қазақ тіліне аударылғандары жиі көрсетілетін болған. Көрермендердің бірқатары мұндай сериалдарды тамашалау арқылы күнделікті күйбең тіршілікті бір сәт ұмытуға болады дейді. Алайда, қазақ тілінің маманы Айзат Ыбыраева шетелдік телехикаялардың дубляжынан кейде кез-келген адам түсіне бермейтін, күрделі сөздерді кездестіретіндігін айтады.

XS
SM
MD
LG