Accessibility links

Қазақтар - әлемде


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Моңғолияның Қобда бетіне қазақтар алғаш 1917-ші жылдан бастап қоныстана бастады. Сол кезде Қытайдан қысым көріп, көрші елге көшіп келген қазақтарға Моңғол мемлекеті жылы қабақ танытып бауырына тартты. Қазақстан тәуелсіздік алған соң, 1991-ші жылдардан бастап Моңғолия қазақтарының іргесі сөгіліп тарихи отанына жаппай көшті бастағаны белгілі. Осы уақыттан бері Қобда аймағындағы қазақтардың үштен екісі атамекеніне қоныс аударған. Ендігі қалған азғана қазақтың да тарихи отандарына көшуге құлшыныстары басым. Алайда, дәл қазіргі таңда әлемді қаулап тұрған экономикалық дағдарыспен Моңғолиядағы соңғы бірнеше жылдағы құрғақшылық, әсіресе өткен қыстағы жұт қол байлау болып тұр. Бүгінгі таңда Қобда аймағында 82 мың халық тұрса соның 16 пайызын қазақтар құрайды. Ардақты тыңдарман, бүгінгі хабарымызда Моңғолияның Қобда аймағында өмір сүріп жатқан қазақтардың тұрмыс-тіршілігі сөз болады. Қобдадағы азғана қазақтың ұрпағына келешекте ана-тілінен, салт дәстүрінен айырылып қалу қаупі төніп тұр. Қазақ мектебінің болмауынан қазақ балалары моңғол тілінде тәлім алуға мәжбүр. Ал, қазақ тіліндегі кітаптар мен әдеби басылымдар жеткізілмейді.

XS
SM
MD
LG