Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Қыркүйек айының 5-нен 6-на қараған түні жалпы мұсылман қауым Қадір түнін қарсы алды. Рамазан айының 27-ші түніне сәйкес келген Қадір түнін мешітте қарсы алуға келген адамдардың Алладан сұраған басты тілегі елдің тыныштығы мен амандығы. Мұсылмандар үшін Қадір түнінің қасиетті саналу себебі бұл түні аспаннан қасиетті кітап Құран түсіріле бастаған. Сондықтан мұсылмандар Қадір түні жасаған құлшылықты Алла мың айда жасаған ғибадаттан артық қабылдайды деп санайды. Рамазан айының аяғына сәйкес келетін Қадір түні түсірілген Құран Кәрім - мұсылмандар үшін олардың өміріне басшылық ететін, пайда мен зиянның, жақсы мен жаманның, тура жол мен адасудың ара жігін ажыратып беретін баға жетпес құнды кітап. Сондықтан Құран түсірілген күні жасалған ғибадатты Алла мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды. Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегеннің өзінде сексен үш жылдық мерзімді қамтиды. Ал кейбір ғалымдар мың деген санды араб халқы негізінен «өте көп» деген мағынада қолданады деген дерек келтіреді. Ал Түннің «Қадір түні» деп аталуын ғалымдар бұл түнде Алла тағала адамдардың келесі жылғы тағдырын, яғни өмірі мен өлімін, рызық-несібесін, бақытты немесе бақытсыз болуын жазатындығымен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG