Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Алматыда 21-нші және 25-нші қыркүйек күндері алтыншы рет «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтпек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ағымдағы жылғы кинофестивалге 1 млн. доллар қаржы жұмсалмақ. Ал 2010 жылдың 27 маусымы мен 1-ші шілдесі аралығында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ресейлік кинорежиссер Тимур Бекмамбетовтің экшн фильмдерге арналған «Астана» халықаралық кинфестивалі өткен болатын. Қазақстанда өтетін халықаралық кинофестивалдер төңірегіндегі кинорежиссер мен киносыншылардың пікірі әрқилы. Бірі халықаралық кинофестивалдер өткізу мемлекеттің ақшасын шашу десе, енді бірі керісінше, елдің әлеуетін көрсетіп, тәжірбие алмасып, талғам деңгейін көтеру үшін халықаралық кинофестивалдер өткізу қажет екенін айтады. Қазақстан жиі өткізіліп тұратын халықаралық кинофестивалдер туралы ой-пікірлерді Руханият хабарынан тыңдай аласыздар.

XS
SM
MD
LG