Қазақстанда бірқатар ұйымдар мен қозғалыс өкілдері соңғы уақыттары жалақысын ала алмай жүрген жұмысшылардың ереуілге шығу оқиғасының жиі тіркеліп отырғанын және еңбекақысын төлеуді талап еткен жұмысшылар құқық қорғау орындары мен билік тарапынан қысым көріп отырғанын алға тартады. Ал жұмысшылар құқығын қорғауға тиіс кәсіподақ ұйымдары олардың айтуынша, еңбек адамының емес, керісінше жұмыс берушінің құқығын қорғаумен айналысады. Алматы жұмысшылар кәсіподақ ассоциясасының төрағасы Марат Молдабеков Қазақстан бойынша 26 кәсіподақ ұйымына 2 млн адам, ал тәуелсіз кәсіподақ ұйымына мүше адамдар саны 500 мыңға жуық деген дерек келтіреді. Ал, кәсіподақ ұйымының төрағалары дағдарысқа қарамастан жұмысшыларға қолдарынан келгенше жағдай жасап отырғандарын айтады.