Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Алматыдағы мүгедектер ұйымдары мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік проблемаларына қоғам назарын аудару мақсатында арнайы шара өткізді. Ол «Біздің қолымыздан бәрі келеді» деген ұранмен өткен "TRY" акциясы болатын. Ұйымдастырушырлар бұл санаттағы азаматтардың мұң-мұқтажы ескерілмей отырғандығын айтады. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда елдегі мүгедектер үшін басты кедергі болып отырған нәрсе - олардың қоғамдық орындарға баруына жағдайдың жасалмауы. Дыбысы бар бағдаршамның жоқтығы, тұрғын үйлерде, түрлі ғимараттарда пандустың болмауы салдарынан мүгедектер қоғаммен араласа алмай, төрт қабырғада қамалып отыруға мәжбүр. Өз мәселелерін шешу үшін мүмкіндігі шектеулі жандар акция ұйымдастырып, қоғам назарын өздеріне бұруға тырысты. «TRY» қозғалысына қатысушылардың бірі Алмас Мырзабеков көтеріп отырған мәселелерінің нәтижесін көретіндіктеріне сенеді. Мүгедектер ұйымы одағының төрағасы Әли Аманбаевтың айтуынша, қабылданған заңдардың орындалмауы мүгедектердің әлеуметтік жағдайының күрделенуіне алып келіп отыр.

XS
SM
MD
LG