Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Жексенбі күнгі қырғыз еліндегі Жоғарғы кеңеш сайлауының тыныш өткендігін тәуелсіз бақылушылар да, жергілікті бақылаушылар да атап өтіп жатыр. Қазанның 11-і күні Жоғарғы соттың қадағалау алқасы Айдос Садықовтың ісіне қатысты оның адвокаты Татьяна Лазареваның істе заң бұрмалаушылықтар болғаны мен дәлел-айғақ ретінде тартылған видеотаспаны қайта қарау жөніндегі өтінішін қанағаттандырды. Енді Садықов ісінің материалдары 15 күннің ішінде Жоғарғы сотқа түсуі тиіс. Алматы қалалық соты профессор Саят Ыбыраевты қамауда ұстау туралы Алмалы аудандық сотының шешімін күшінде қалдырды. Қостанай облысының Құсмұрын ауылындағы түрмеде қаза болған Атырау облысының тумасы Қанат Мұхамбетқалиевтың ата-анасы балаларының өліміне түрме әкімшілігін кінәлайды.  

XS
SM
MD
LG