Accessibility links

Уақыт бедері

Уақыт бедері


please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда 90-шы жылдардың ортасында зейнетақымен қамтамасыз етудің өткір мәселесі туындады дейді экономистер. Бұл кезде елде инфляцияның өсімі шарықтау шегіне жетіп, бюджет тапшылығы қатты сезіле бастаған. Деректер бойынша, зейнетақы жүйесін жекешелендіру арқылы қиындықтан шығудың жолын 1989 жылы Чилидің еңбек министрі Хосе Пиньер ойлап тапқан. Ол ұсынған жүйеде әрбір қызметкерге өзінің болашағы жөнінде өз бетімен қам жеуге құқық пен міндет¬керлік берілді. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің ақпараттары бойынша 2010 жылғы 1 қыркүйегіндегі ақпарат бойынша елде 13 жинақтаушы зейнетақы қорларындағы сома 2 триллион 89 млрд теңгені құраған. Бір ай ішінде ол 1, 7 пайызға өсіпті. Зейнетақы қорлары Қауымдастығының төрағасы Айдар Әлібаев қорлардағы қаражат салымшыға пайда әкелуімен қатар, олардың мемлекеттік секторларға да көмегі тиюі қажет. Ал Зейнеткерлік қорлар мамандары басты міндет ақшаны көбейту емес, сеніп тапсырылған қаражатты сақтау дейді. Алматылық кәсіпкерлер Қауымдастығының президенті Виктор Ямбаев қазіргі зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнан зейнеткерлік немесе болашақ зейнеткерлер ешқандай пайда көрмеді. Бұл жүйе ақыр соңында ешқандай нәтижеге әкелмейді дейді.

XS
SM
MD
LG