Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Қарашаның 4-і күні Алматыда оппозиционерге жұмыртқа лақтырған «Желтоқсан 86» ұйымының өкілдері баспасөз маслихатын өткізіп, билік желтоқсаншылардың арасына іріткі салуға тырысып отыр деп мәлімдеді. Халықаралық қаржы корпорациясы мен Дүниежүзілік банк тобының баяндамасына сәйкес Орталық Азия мемлекеттері кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамаларды жетілдіру бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына енді. Қарашаның 3-і күні атыраулық полиция қызметкерлрі 4 қайыққа мінген 13 дағыстандық азаматтың Қазақстан территориясынан заңсыз балық аулап отырған үстінде ұсталғанын хабарлады. Олардың екеуі атыс кезінде алған жарақаттан қаза тапқан. Бұдан екі апта бұрын қолға түскен тағы 6 дағыстандық тергеу абақтысында қамауда отыр. Азаттық радиосының вебсайтында «Назарбаев Университеті» Акционерлік қоғамының президенті Аслан Сәрінжіповпен онлайн-конференция өтті.

XS
SM
MD
LG