Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Қызылорда облысы Арал ауданының дәрігер мамандары экология салдарынан ауру түрлерінің жасарып бара жатқанын алға тартады. Оның ішінде қант диабеті жас өспірім балалар мен жастар арасында да тіркелген. Сонымен қатар мамандарды тұрғындар арасында жұқпалы аурулар мен онкологиялық аурулардың көбеюі алаңдатып отыр. Арал аудандық кеңес беру диагностикалық емханасындағы бас дәрігердің орынбасары Нағашыбай Қалқұлов Арал ауданы экологиялық аудан болып саналғандықтан, қант диабетінен бөлек жүрек және ісік ауруларының да көбеюі адамдардың мезгілсіз өмірден өтуіне себепкер болып отыр дейді. Нағашыбай Қалқұлов тіркеуде тұрған адамдарға тегін берілетін дәрі-дәрмектің уақытында жеткізіліп тұратынын айта келе, жыл аяғында дәрі жетіспей қалып жататын жағдайлар кездесетінін айтты. Оның себебін ол жыл аяғында жаңадан тіркеуге алынған адамдар санының көбеюімен түсіндірді. Қалқұлов өткен жылмен салыстырғанда қант диабетіне шалдыққандар саны биылғы жылмен салыстырғанда 7 пайызға өскенін айтты. Қазір Арал ауданында 328 қант диабетіне шалдыққан адам тіркеліп отыр.

XS
SM
MD
LG