Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Статистика деректері бойынша, Қазақстанда 44,5 мыңнан астам мүгедек бала есепте тұр, бұл елдегі бүлдіршіндердің 1,2 пайызын құрайды. Ұлттық медицина қауымдастығының ақпараттары бойынша, олардың ішінде 10 мыңға жуығына церебральды сал ауруы диагнозы қойылған. Талғар қаласында орналасқан жетім, мүгедек және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларының балаларына арналған «Ковчег» деген мекемеcіндегі бірқатар балаларға церебральды сал ауыруы диагнозы қойылған. Баланың сәби шағында мидың қозғалыс функциясына жауап беретін бөлігінің зақымдануына байланысты пайда болатын сал ауруы, адам өмірінің соңына дейін жүретін қатерлі дерт дейді мамандар. Латын тілінен аударғанда animal – жануар, яғни, хайуанаттар, ал «анимал терапиясы» – хайуанаттардың және олардың бейнелерін пайдалану арқылы психофизиологиялық, психотерапевтік және бейімделу көмегін көрсететін терапия түрі. Иппотерапия тірек-қимыл аппаратының бұзуылында, атеросклероз, бас сүйек жарақатында, полимиелитте, асқазан-ішек ауруларында, простатитте, ақыл-ой жетіспеушілігінде ұсынылады. Қазақстанда салт атқа мінгізіп, ем жүргізу 90-жылдардың басында пайда болды. Бұл Қазақстандағы адамдарды емдеу мен оңалту үшін көмекші құрал – зоотерапияны дамытуға үлес қосады. Алайда Людмила Дробышева иппотерапия елде көне заманнан бері қолданылып келген дейді. Маманның айтуынша салт ат пен адамның қадамдары ұқсас, сондықтан да ол емге үлкен ықпал етеді. Дегенмен оның ең басты жетістігі жағымды эммоция беретіні дейді ол.

XS
SM
MD
LG