Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Қызылорда облысы Арал ауданында тұратын халық негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Халықтың қазіргі күн көрісі сауда саласы болып отыр. 73 мың адам тұратын Арал ауданынына қарасты құмды жерде орналасқан ауылдарда тек мектеп пен аурухана ғана жұмыс жасайды. Ал ауыл тұрғындары шешімін таппаған әлеуметтік мәселелер жеткілікті дейді. Соның бірі - жұмыссыздық. Ауыл халқын жастар уақытша табыс табудың көзі ретінде мал баққанымен, зейнеткерлік жасқа келгенде зейнетақы ала алмайтыны және тұрғындарды жұмысқа тартатын өндіріс орындарының болмауы алаңдатады. Аудан орталығы Аралдан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Қарақұм совхозын тың игеру кезінде мал шаруашылығын дамыту мақсатында құрған совхоздардың бірі. Осы ауылдың байырғы тұрғыны Абай Әбішұлы ауылда жұмыс орны болмағандықтан, жастар басқа облыстарға барып жұмыс жасауға мәжбүр болып отыр дейді. Ол аталған ауылда осы уақытқа дейін 4000 адам тұрып келсе, өндіріс орындарынынң болмауы себебінен соңғы санақ бойынша 2700 адам тіркелгенін айтты. Ол ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуге билік тарапынан дұрыс көңіл бөлініп отырған жоқ дейді. Сонымен қатар Абай Әбішұлы 100 мектеп, 100 аурухана салу бағдарламасы бойынша, мектеп пен аурухана салынғанымен өндіріс орындарының ашылмай отырғанын айта келе, ауылдың болашағы бар ма деген сауалға жауап іздейтінін айтады. Оның айтуынша, ауыл құмды жерде орналасқанымен, өндіріс орындарын ашуға толық мүмкіндік бар. Аудан әкімінің орынбасары Бөрі Дабылов аудандағы жұмыссыздар саны шамамен 7-8 пайыз болуы мүмкін дейді. Оның айтуынша, бірнеше инвестициялық жобалар іске асатын болса, тұрғылықты халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік болады.

XS
SM
MD
LG