Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Ағымдағы жылы тілші, ғалым Ахмеди Ысқақұлының туғанына 100 жыл толды. Ғалымның мерейтойы Алматыда аталып өтті. Ахмеди Ысқақұлы он томдық «Қазақ тілінің сөздігін» және «Абай тілінің сөздігін» жасаған тілші, ғалым. Ғалымның екі жүзге тарта ғылыми еңбегі бар. Ахмеди Ысқақұлы жазған оқулықтар күні бүгінгі дейін жоғарғы оқу орындарындағы филология факультеттерінде оқу құралы ретінде пайдаланылып келеді. Ахмеди Ысқақұлы өмірінің соңғы он жылында қос жанары суалып, зағипқа айналса да, ғылыммен айналысуын тоқтатпай өзінің ең соңғы «Қазақ тілінің мономорфологиясы» деген ғылыми еңбегін жаздырып қалдырған. Тіл білімі саласындағы ғалымдардың айтуынша, Ахмеди Ысқақұлының соңғы еңбегі өзінің лайықты бағасын ала алмай отыр. Ахмеди Ысқақұлының жүз жылдық мерейтойына орай Семейде ғалымның атына мектеп, Алматыда көше берілмек дейді ғалымның ұрпақтары.

XS
SM
MD
LG