Accessibility links

Дөңгелек үстел


please wait

No media source currently available

0:00 0:25:00 0:00
Жүктеп алу

19 қараша күні Нью-Йорктің аймақтық сотында атышулы «Қазақгейт» ісі бойынша америкалық кәсіпкер әрі банкир Джеймс Гиффенге үкім шығарылды. Сонау баста 20 жылдық түрме жазасы мен миллиондаған доллар айыппұл төлеу қатері төнген Гиффен - сот үкімі бойынша - тергеу абақтысында бір түн өткізумен және сот шығындарына 25 доллар жарна төлеумен құтылды. Ал оның «Меркатор» корпорациясы 32 мың доллар ғана айыппұл төлейтін болды. Оған қоса судья Уильям Поули «Қазақгейт» ісі бойынша ең басты айыпталушы Гиффенді «Орталық барлау басқармасына тыңшылық еткені үшін «Американың нағыз патриоты» деп атады. Джеймс Гиффен - 2003 жылы тұтқындалған сәтіне дейін 10 жылдай Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын кеңесшісі болды және тұтқындалған кезінде - АҚШ азаматы болуына қарамастан - оның қолынан қазақтың дипломатиялық паспорты табылды. Назарбаевтың кеңесшісі болған кезінде АҚШ-тың барлау қызметіне құпия мәліметтерді беріп тұрған Гиффен - Американың нағыз патриоты болса, шетелдік барлаушыны өзінің кеңесшісі етіп алған қазақ президентін өз елінің патриоты деп атауға бола ма? Азаттық радиосының АҚШ, Ресей, Қазақстан сарапшыларымен бірге Лондонда тұратын тәуелсіз журналистің қатысуымен орыс және ағылшын тілдерінде өткізілген кезекті Дөңгелек үстелі осы тақырыпқа арналады. Дөңгелек үстелдің толық мәтінін Азаттық радиосының интернет-сайтынан тыңдауға болады.

XS
SM
MD
LG