Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан бұрынғы советтік одақтас республикалардың ішінде өз тәуелсіздігін соңғылардың бірі болып жариялады. Содан бері жыл сайын 16 желтоқсан - тәуелсіздік күні ретінде атап өтіледі. Ал тәуелсіздіктің алғы шарттары 1991 жылдан бес жыл бұрын 1986 жылы 16-17 желтоқсан күндері қазақ жастары сол кездегі жүйеге деген наразылықпен алаңға шыққанда қаланды деп есептейтін азаматтар бұл күні Алматы қаласындағы Республика алаңына жиналып, тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды. Алматы қаласында Тәуелсіздік мерекесі осындай деңгейде тойланса, Қазақстан астанасы Астана қаласы сәрсенбі күні өткен салтанатты жиынмен шектелгенге ұқсайды, Астанадағы тілшіміздің хабарлауынша, бейсенбіде жаппай халықтық мереке өткізілмеген. "Қазақстан 1012" қоғамдық-саяси қозғалысының мүшелері 16 желтоқсан күні Алматы қалалық әкімдігінің алдында жиналып, қала әкімінің орынбасары Серік Сейдумановтың қызметінен кетуін талап етеміз деген петиция табыс етті. «Әмнести интернэшнл» ұйымы Қырғызстандағы маусым оқиғаларының салдарына арналған арнайы баяндамасын жариялады Ресей премьер министрі Вл, Путин телеарнасы ақылы халықтың қандай сұрақтарына жауап бергені турасында да айтамыз.

XS
SM
MD
LG