Тамыз айында 29 өзбек азаматын діни ұйымдарға қатысы бар деген айыппен Алматы бойынша көші-қон департаменті босқын мәртебесіне ие бола алмайды деген шешім шығарған болатын. Бұл шешім «Босқындар туралы» заңдағы 12-ші бапқа сәйкес шығарылған. Желтоқсанның 20-ы күні Алматы соты өзбек босқындарының тағы бірі – Тұрсынбай Сулаймановты экстрадициялау жөнінде шешім шығарды.