Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту туралы кезекті ұсыныс жасалып, осы мәселеге қатысты референдум өткізудің алғашқы әзірлігі де басталғаны хабарланып отырса, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева 2020 жылды місе тұтпайтындығын байқатты. Ол президент өкілеттігін 2030 жылға дейін бірден ұзарту туралы ұсынсысымен көзге түсті. Сотталып түрмелерде отырғандардың туған-туыстары парламент депутаттарынан араша сұрауға Астанаға жиналды. Ақтөбемұнай газ компаниясы осыдан бірнеше ай бұрын ереуіл ұйымдастырған жұмысшылардың үстінен түсірген шағымын қайтарып алды. Ақтөбе облысына қарасты Мұғалжар аудандық сотының экономикалық сараптамасы компанияның жұмысшылардан талап еткен 3 млн теңгені негізсіз деп тапқан. 2011 жылы әлемнің экономикалық даму деңгейі қандай болмақ? Азаттық радиосы назарыңызға халықаралық танымал экономистердің болжамын ұсынады.

XS
SM
MD
LG