Қазақстан үшін 2010 жылдың елеулі оқиғалары қандай болды? Бұл сұрақты саяси шешімдер институтына жиналған біршама мамандар мен сарапшылар талқылап көрген еді. Олар 2010 жылдың басты назарға іліккен оқиғаларын атап өтті. Сарапшылар зерттеу жүргізу барысында ұлт көшбасшысы туралы заңның қабылдануы қоғамда теріс пікір туғызғанын алға тартты. Олардың айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі Қазақстанда атом банкін құруға қарсылық білдірген. Сарапшылар зерттеу жүргізу барысында Қазақстанның ЕҰЫҰ-на төрағалық етуі мен самиттің өтуі халық арасында көп пікірталас туғызғанын көз жеткізген. Олар сауалнамада сұралғандардың 75 пайызы саммитке оң баға бергенін айтады.