Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Желтоқсанның 27-сі күні Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзарту жөнінде референдум өткізу туралы бастамашыл топты тіркеп, тиісті құжаттарды табыс етті. Бастамашыл топ өкілдері қол жинауға мұрсат алды. Референдум өткізуге қатысты қол жинау науқанын Орталық сайлау комиссиясының шешімін күтпей - ақ бастап кеткендер бар деп хабарлап жатыр Азаттық радиосына телефон шалған тыңдарман мен оқырмандардың кейбірі. Осы ретте Алматыда »Азат жалпыұлттық социал демократиялық партиясының жетекшілері баспасөз-мәслихатында «Президенттің өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдум немесе сайлау өткізіп, қаржы шығындағаннан гөрі, Назарбаев президент болып отыра берсін деген мәселені парламентте дауысқа сала салу керек, өйткені қазіргі президентті биліктен кетіру үшін қарулы көтеріліс қажет, ал біздің ондайға барғымыз жоқ деген ойларын ортаға салды. Биылғы желтоқсан айында туғанына 120 жыл толған түркі халықтарының ұлт азаттығы үшін күрескен қайраткер Мұстафа Шоқайдың осы желтоқсанда өмірден өткеніне 69 жыл толды. Азаттық радиосы Стамбулдағы Мимар Синан университетінің профессоры, шоқайтанушы Әбдіуақап Қарамен сұқбат жүргізген еді.

XS
SM
MD
LG