Accessibility links

Айтыс - Азаттықта


Айтыс - Азаттықта
please wait

No media source currently available

0:00 1:00:00 0:00
Жүктеп алу

Қымбатты ағайын, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанада «Тәуелсіздік тағлымы» атты айтыс өткендігі белгілі, ол жөнінде Азаттық радиосында айтылып, сайтында жан-жақты жазылды да. Жақында Азаттық радиосының редакциясына «Тәуелсіздік тағлымы» тақырыбымен үш күн бойына өткен осы айтыстың толық аудиотаспасы түскен болатын. Сайтымыздан сіздер ақындардың айтысының алғашқы жұптарының сайысын тыңдап та үлгердіңіздер. Ал енді осы айтысқа қатысқан 26 ақынның айтыстарын сіздер Азаттық толқынынан да апта сайын тыңдай алатын боласыздар. Осы жолғы «Айтыс –Азаттықта «хабарының бастамасы ретінде «Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбымен өткен осы айтыстағы ақындарды таныстыру рәсімін және айтысқа арнайы шақырылған әнші жыршы- термешілердің өнерін сіздер де тамашаласын деген ниетпен алғашқы күнгі ашылу салтанатын толығымен назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. Жаңа жылдың алғашқы бейсенбісінен бастап әр апта сайын Айтысты Азаттықтан іздеңіз, қымбатты тыңдарман!

XS
SM
MD
LG