Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Сейсенбі күні Алматыда президенттің өкілетін тағы 10 жылға ұзарту туралы референдум өткізуге қарсы мәлімдеме жариялап, наразылық акциясын жасаған жастарды полиция ұстап алып кетіп, үш сағаттан кейін босатқан. Ұлттық комиссия Қырғызстанда өткен жылдың маусым айында болған қақтығыс оқиғаларын тергеу қорытындысын және осы қантөгіс үшін айыпты дегендердің тізімін жариялады. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шарын ауылының тең жартысын алып кеткен қызыл суды тұрғындар әкімнің жауапсыздығынан көрсе, ауыл әкімі Арджан Розиев кездейсоқ табиғат жағдайы дегенді айтып отыр. Қазақстанда Өткен жыл ішінде түрмеге жабылған бірде бір журналист жеңілдік алған жоқ. Бұл туралы сейсенбі күні Алматыда «Журналистер қауіп қатерде» қоры мәлімдеді. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылға жуық тарихында жеті үкімет басшысы болса, қазіргі премьер КәрімМәсімов басқаларымен салыстырғанда үкіметті ұзағырақ мерзім басқарғандығымен танылып отыр. Мәсімовтың ұзақ билігінің сырын сарапшылардан сұрап білуге тырысқан еді тілшілеріміз.  

XS
SM
MD
LG