Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Бес миллионнан астам қол жинап Орталық сайлау комиссиясына өткізіп үлгерген бастамашыл топ енді референдум өткізуге келісім беруін сұрап президентке үндеу жасады. Астанада баспасөз мәслихатын өткізген бастамашыл топтың жетекшілері жиналған қолдың нақты қанша болғандығын айта алмады, олар ең маңыздысы -  президент өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту үшін референдумды өткізуді қолдап, қол қойғандардың саны бес миллионнан асқандығы дейді. Бірқатар саяси партиялардың жетекшілері екі аптадан сәл ғана асатын уақыт ішінде референдумды қолдаушылардың 5 миллионнан астамының қолының жиналуына өзіндік күмәнмен және таңырқаумен қарайды. Қазақстандық журналистік ұйымдар басылымдарды сот арқылы жабу үрдісіне алаңдаушылық танытып, Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Мәми мен Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбековке ашық хат жолдады. Әлем елдерінің экономикалық еркіндік көрсеткіші жарияланды, Қазақстан бұл тізімде 78-ші орынды иеленген.

XS
SM
MD
LG