Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

«Свобода слова» газетінің бас редакторы болған Гүлжан Ерғалива референдумның жыршысы болғысы келмейді. Гүлжан Ерғалиева Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзартуға қатысты референдум туралы саяси науқан басталғандықтан, газетті сақтап қалу мақсатында қызметінен кетуге мәжбүр болғанын айтады. Президент өкілетін ұзартуға қатысты референдумға қарсы болып, Алматыда бір күн бұрын акция өткізгендер қаңтардың 13-і күні әкімшілік жауапқа тартылып, оларға айппұл салынды. «Демократияеы жерлеу» деп аталған наразылық акциясын өткізушілердің істерін жеке жеке қараған үш судья «Рух пен тіл» клубының 5 белсендісіне 20 есептік айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды. Жастар бұл айыппұлды президенттің өкілеті ұзартылуы тиіс 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін төлейміз дейді. Өткен ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының бірі – мемлекет және қоғам қайраткері болған жазушы, қазақ ұлттық театртану саласындағы алғашқы еңбектердің авторы Смағұл Сәдуақасұлының туғанына 110 жыл, өмірден өткеніне 77 жыл. Қоғам қайраткерінің өртенген мәйітінің күлі Қазақстанға әкелініп, мұсылманша жерленбек. Ресми түрде репрессия құрбаны деп танылмағанымен де, оның жұмбақ өлімінің тәуелсіз бағасы әлі берілген жоқ дейді зерттеуші ғалымдар. Freedom House зерттеуінде 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрғалық еткен Қазақстан демократиялық еркіндігі шектелген “еркін емес” елдер қатарына жатқызылды.

XS
SM
MD
LG