Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Президент Нұрсұлтан Назарбаев парламенттің Конституцияға енгізген өзгертулеріне қол қойған жоқ. Өзгертулер Конституциялық кеңеске жіберілді. Конституциялық кеңес өкілдері түпкілікті шешім он күннің ішінде шығуы мүмкін деп болжайды. Түрмедегі журналист Рамазан Есіргеповтың шағымы БҰҰ-.на жетіп, Адам құқтары комитетінен жауап келген екен. Өткен аптаның соңында солтүстік африкалық мемлекет Тунис пен Қазақстанда екі оқиға қатар орын алды. Бұл оқиғалардың екі елдің бір-бірінен тым алыста жатқанына қарамастан, ұқсастықтары бар еді. Мәселен Қазақстан парламенті қазіргі прнзиденттің өкілетін 2020 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік беретін өзгертулер мен толықтыруларды Конституцияға енгізсе, қатаң президенттік билік сақталып келген мемелекет Тунисте Конституцияға осындай өзгертулер 2002жылы енгізілген болатын. 14 қаңтар күні Қазақстианды 1989 жылдын бері басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев бастамашыл топтың 5 миллионнан астам адамның қолын жинуының арқасында елді тағы 10 жыл билеуге мүмкіндік алса, дәл осы күні Тунис тізгінін 1987 жылдан бері уысынан шығармаған президент Зин әл-Абидин Бен Әли елдегі жаппай наразылық ереулінен кейін отбасын алып, елден қашып шығуға мәжбүр болды. Туниспен көршілес Ливияда елшілікте қызмет атқарған Расул Жұмалы «Ереуілшілердің әуелгі қойған талаптары биліктің ішкі саясатына еш қатысы жоқ болатын. Бірақ полициямен қақтығыс барысында қан төгілді. Нәтижесінде бен-Әли қашуға мәжбүр болды. Билік басында отырғандардың кез-келгені бұдан сабақ алуға тиіс» деген ойларын ортаға салды.

XS
SM
MD
LG