Қаңтардың 21-і күні Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзарту үшін ел азаматтарынан жиналған қол үш айдан кейін жойылатыны туралы арнайы қаулы жариялады. Мұрағатта тек бұл қолдардың растығын тексеру нәтижесі туралы толтырылған хаттамалар ғана сақталынбақ көрінеді. Осыған дейін елдегі оппозиция өкілдері Орталық сайлау комиссиясынан референдумды қолдаған азаматтардың тізімін көпке жариялауды талап еткен болатын Қазақстан парламенті Конституцияға президент өкілетін референдум арқылы ұзарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдап, заң жобасын қол қоюға жолдаған күні жұма намазының алдында референдумды қолдауға және қатысуға шақырған уағыздар өткізген Қазақстан мешіттері бұл жұмада мұндай саясиланған уағыздарын қайталамапты. Референдум науқанына мешіттер де өз үлесін қосуы тиіс деп есептейді екен Қазақстан діни басқармасының қызметкерлері. Алаш ардақтысы Смғұл Сәдуақасұлының сүйегінің күл туған еліне жеткізілді. Жаңаөзендік алты әйел жұмыссыздық пен баспана мәселесінің шешілуін талап етіп, аштық акциясын өткізіп жатыр.