Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

150 миллион теңге айыппұл төлеуге келіспейтіндіктерін білдіріп, Аламтыда  баспасөз мәслихатын өткізген «Голос Республики» , «Взгляд» «Азат», «Алға» газеттерінің бас редакторлары «Салық инспекторлары бұл цифрларды, ауадан алып отыр, біздің кірістеріміз ғана есептеліп, шығындарымыз мүлде ескерілмеген» дейді. Олар бұл әрекеттің ар жағында «саяси астар бар» деп ойлайтындықтарын ортаға салып, Астанаға арнайы ашық хат жолдағандықтарын да айтты. Азаттық радиосының тілшісі хабарласқан Салық комитетінің өкілдері жазбаша түскен өтінішке ғана жауап береміз дейді. Қаңтардың 26-сы күні Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері дөңгелек үстел өткізіп, соңғы уақытта Ресейде болып жатқан оқиғаларға қатысты өз көзқарастарын айтты. Осылайша Ресей тақырыбынан басталған жиын Қазақстандағы президент өкілетін ұзартуға бағытталған референдумды қолдауға шақырған ашық хатты талқылау барысында, ел ішінде референдумды қолдаймыз деп қол қойғандардың саны 5 миллионнан асқанына күмән келтіргендер болды. Қаңтардың 26-сы күні Азаттық радиосына берген сұқбатында Серік Әбдірахманов «Әділет» партиясы жетекшісінің орынбасары осы партия қатарынан шыққанын растап, егер «билік өзіне тиіспейтін болса» енді үлкен саясаттан кетіп, шығармашылықпен шұғылданбақ ойы барын айтты.

XS
SM
MD
LG