Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Қаңтардың 28 күні Қазақстан жазушылар одағында ақын әрі аудармашы Қуандық Шаңғытбаевты еске алу кеші болып өтті. Кеш аясында ақынның «Шайыр» атты үш томдық жинағының бірінші кітабы оқырманға таныстырылды. «Сага» баспаханасынан жарық көрген бұл кітаптың өзге кітаптардан айырмашылығы – жинаққа ақынның өлеңдерімен қатар, аудармалары, қойын дәптеріндегі жазбалар, уақытында мерзімді баспасөзде жарияланған көсемсөздері топтастырылған. Қуандық Шаңғытбаевтың өмір жолына аз-кем көз жүгіртетін болсақ, ол 1925 жылы 21 наурызда Ақтөбе облысының Қарабұлақ ауданында дүниеге келген болатын. Алғашқы жыр жинағы «Ар» деген атпен 1942 жылы басылған. Кітаптың алғысөзін жазған Мұхтар Әуезов. Алайда қызыл саясаттың оң жамбасына дөп келмеген «Ар» жинағы түгел өртеліп, жойылған. - Әкемнің ол кітабында кеңестік саясат туралы бірде-бір өлең болмады. Сондай-ақ ол жинақтың ішінде мен қазақпын дейтін өлеңі болған кітапты сол өлең үшін өртеп жіберді,- дейді ақынның қызы Гауhар Қуандыққызы. – Бұл күнде «мен қазақпын деп әркім өлең жазады». Ал 1943 жылы бұлай деп жазу көзсіз ерлікпен пара пар» - деген Оразақын Асқар Қуандық Шаңғытбаевтың лирик ақын болғандығын, оның өзінде де батыс пен шығыстық стильді қатар меңгерген ақын болғандығын айтады. Қазіргі ақындарда кездесетін «Жел бол десең, самал болып сені аймалайын немес бұлақ бол десең таудан құлап ағайын,- деген секілді тіркестер Қуандық Шаңғытбаев арқылы бізге келді,- дейді ол.

XS
SM
MD
LG