Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Сәуір айының 1-інен бастап тұрғындарды құжаттандыру қызметі Ішкі істер министрлігінің қарамағына өтеді. Бұл жөнінде әділет министрінің орынбасары Әмірхан Аманбаев мәлімдеді. Ресми ақпараттар бойынша, 2010 жылдың 29 желтоқсан күні президент тұрғындардың құжаттарын рәсімдеу, тіркеуге алу қызметінің ішкі істер министрлігіне берілетіні туралы заңға қол қойған. Әділет басқармасының қызметкері тұрғындардың құжаттарын рәсімдеу қызметі бір министрліктің қарамағында болғаны жөн дегенді айтады. Ал, әлеуметтанушылар болса, тұрғындарды құжаттандыру қызметін басқа министрлікке ауыстырғанымен халыққа қызмет көрсету сапасы жақсара түседі дегенге сенімсіздікпен қарайды. Әлеуметтанушы Серік Бейсенбаев Әділет министрлігі бұл қызметті атқара алмағандықтан қайтадан ішкі істер министрлігіне қайтарып беріп отыр дейді. Жетісу ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне жолықққанымызда, олар әділет министрлігінің қаулысымен таныс болмағандықтан, ешқандай ақпарат бере алмайтындарын айтты. Ал Әділет басқармасының Жетісу ауданы бойынша құжаттандыру бөлімінің бастығы Қанат Тәженов қажетті материалдар тапшы болғандықтан, қиындық құжаттарды дайындау барысында ғана кездесетінін айтады.

XS
SM
MD
LG