Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда VІІ Азия қысқы ойындары өтіп жатыр. Оның салтанатты ашылуы 30 қаңтарда Астана қаласында болды. Жабылу рәсімі 6 ақпанда Алматыда өтеді. Жарыстың алғашқы екі күнінің қорытындысы бойынша, Қазақстан жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынға жайғасты, елдің қоржынында барлығы 27 медаль. Оның 10-ы алтын, 10-ы күміс, 7-еуі қола. Әзірше екінші орында Оңтүстік Корея, ал үшінші орында Жапония тұр. Қысқы Азия ойындары 1986 жылы басталған. Қысқы олимпиадалық ойындарды күні бүгінге дейін тек Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты елдер ғана ұйымдастырып келген еді. Ең алғашқы І-ші Азия қысқы ойындары жапондық Саппоро қаласында 25 жыл бұрын басталған. Оған әлемнің жеті елінен командалар сайысқа түсті. Cпорт шолушысы Есей Жеңісұлы осы жолы Қазақстан командалық есепте бірінші орын алуы керек деген пікір білдірді. «Спортшыларымыздың бәсекеге қабілеттілігі жақсы көрініп жатыр. Біз осы Азиадада қалай да командалық есепте бірінші орын алуға тырысуымыз қажет», деді ол. 2006 жылы 5 қаңтарда Алматы қаласы Азиада ойындарын өткізу орны ретінде қабылданды. 2007 жылы экономикалық және саяси себептерге байланысты Қазақстан үкіметі Азиялық Олимпиада Кеңесіне VІІ қысқы Азия ойындарын Қазақстанның екі негізгі қалаларында Астана мен Алматы қаласында өткізуді ұсынды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қысқы Азия ойындарын өткiзу үшiн ұйымдастыру комитетiнiң басшылары 770 миллион АҚШ долларына жуық қаражат бөлген. Алайда бұл аз болып, тағы да 300 миллион доллардан астам сома бөлуге мәжбүр болған. Азия ойындарына арналған құрылыс нысандарына мемлекет бюджетінен 1,36 миллиард доллар берілген екен. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры да 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген. Есей Жеңісұлы тұрғызылған ареналардың барлығы да көңілден шығады дейді. Алайда кемшіліктер де жоқ емес. «Кемшін тұстардың болуы заңдылық. Күнде репортаж жүргізу үшін «Солдат сайға» барамыз. Талғарға дейін және одан ары 35 шақырым жол адам көргісіз. Ал ол жерлермен әлемнің танымал спортшылары жүріп жүр». Азия ойындарының жалпы жарыстар бағдарламасы спорттың 11 түрімен беріледі: конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, «бенди» добымен хоккей, шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғымен трамплиннен секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыда қысқы бейімделген спорт түрі. Келесі қысқы Азиада ойындары Жапонияда 2014 жылы үшінші мәрте Жапонияның Саппоро қаласында өтетін болады деп хабарлады Азиалық Олимпияда кеңесінің президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл Сабах. Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Роггенің айтуынша, Қазақстанның 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер болуға мүмкіндігі бар. «Қазақстанның 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер болуға мүмкіндігі бар. Өтініштер қабылдау 2015 жылға дейін созылады. Менің ойымша, Қазақстанның мүмкіндігі мен ресурстары жеткілікті. Географиялық орналасу жағдайы да өте қолайлы. Сондай-ақ, көрнекті жеңімпаз спортшылары да бар. Мен спорт нысандарын аралап көрдім. Барлық нысандар өте тамаша. Бұл сапарым өте сәтті деп ойлаймын. Жалпы, Олимпиада ойындарын өткізуге үміткерлер аз емес. Дегенмен, ұйымдастыру жұмысындағы барлық қиындықтарды еңсеруге Қазақстанның әлеуеті де, мүмкіндігі де жеткілікті»,- деді ол.

XS
SM
MD
LG