Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Болашақ бағдарламасымен оқығысы келетін студенттер келісім-шартта көрсетілген қаржылық талаптардың өте жоғары екенін айтады. Олар дәл осы себептен болашақ бағдарламасымен оқу мүмкіндігінен айырылып отырғанын алға тартады. Сонымен қатар аталған бағдарламаның түлектері бағдарламаның кемшіліктері жетерлік дегенді айтады. Ал қоғамдық қор өкілдері болашақ бағдарламасымен шетелге оқуға баратын студенттерге қаржылық талапты күшейтудегі мақсат бағдарламаның маңыздылығын жою дейді. Гүлім есімді бойжеткен болашақ бағдарламасымен шетелге барып оқығысы келгенімен, келісім-шартта көрсетілген қаржылық талапты орындауға мүмкіндігінің болмағанын айтады. Оның айтуынша қаржылық талаптың жоғары болуы себебінен көптеген студенттер болашақ бағдарламасына құжаттарын тапсыра алмай жүр. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» заң бөлімінің бас менеджері Вячеслав Сарычев кепілдікке қойылған мүлік немесе ақшалай қаражаттың мөлшері степендиаттың оқу ақысының құнын жабатындай мөлшерде болуы тиіс дейді.

XS
SM
MD
LG