Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Азаттық сайтында оқырмандардан келіп түскен сұрақтарға президенттік сайлауға үміткер ретінде қатысуға талап білдіріп, тілдік сынақтан өтпей қалған бұрынғы сенатор, қазіргі «Кенесары қорының» президенті Уәлихан Қайсармен онлайн конференция өтті, Азаттық оқырмандары қойған сұрақтарына Уәлиханның өзі жауап берді. Бейсенбі күні Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына үміткер ретінде өзін өзі ұсынатыны туралы Амантай қажы Асылбектің өтінішін қабылдап алды. Нью-Йоркте орналасқан «Ашық қоғам институтының» Eurasia View («Еуразия Вью») басылымы Қазақстан президентінің не себепті мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге ынталы болғаны туралы аз-кем талдау жасаған екен. Азаттықта айтылған жайтқа қайта оралсақ, Маңғыстау облыстық соты Таған Қашановтың аппеллициялық шағымын қарап, сот жүйесіндегі реформаларға сай оның ақталғаны туралы шешім шығарған. Египеттегі саяси ахуал қалай қалыптасып жатқанына да тоқталып өтетін боламыз.

XS
SM
MD
LG