Accessibility links

Апта тынысы


Апта тынысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Өткен аптада президенттік сайлауға қатыспақ болып өтініші түсірген үш үміткердің біреуі Уәлихан Қайсар мемлекеттік тілді меңгеру талабы бойынша сынақтан өте алмай қалды. Үміткердің өзі мұны «саяси тапсырыс болды» деп бағалап, президент сайлауына қатысу құқымды қайтсем да пайдаланам деген ниетпен қайта арыз түсіргенімен Орталық сайлау комиссиясының Уәлихан Қайсардың өтінішін кері қайтарғаны сенбі күні белгілі болды. Ал бұл аралықта Қазақстандық оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлин егер кезектен тыс президент сайлауына елдегі саяси партиялардың қайсыбірі бойкот жариялайтын болса оларға өзінің қосылатынын мәлімдеді. Жұма күні астанада биліктегі «Нұротан» партиясының сиезі өтіп, делегаттар қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбавтың кандидатурасын бірауыздан мерзімінен бұрын өткелі отырған президент сайлауына үміткер ретінде ұсынды. Көкте екі күн болмайды деген депутаттардың бірі Владимир Нехорошев «Қазақстан президенті болуға тек қана Нұрсұлтан Назарбаев лайықты» деген баға берді «Нұротан» партиясының Астанадағы сиезінде Ал сенбі күні Алматыда өз құрылтайын өткізген «Азат» жалпыхадықтық демократиялық партиясы болса, алдағы президент сайлауына үміткер ұсынбаймыз деген мәмлемен тарқасты. Он сегіз күнге жалғасқан толқулардан кейін тағынан таймастай болып көрінген Хосни Мүбарак та билікпен қош айтысты. Өткен аптада оппозиция қайраткері болған Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісінің кісі қолынан қастандықпен қаза тапқанына 5 жыл толды, жұмбақ өлімнің сыры әлі ашылар емес, Қазіргі президент Назарбав көктнгі жалғыз күнге бағаланып, тағы да сайлауға түсетін болып жатқан аптада Қазазстан президентінің бәйбішесі Сара Назарбаеваның 70 жасқа толуына орай Қазақстан мектептерінде «Саратану» апталығы жаппай өткізілді. Өткен аптада Қазақстан өнері қайғылы қазаға душар болып, 89 жасында әйгілі әнші Роза Бағланова өмірден өтті.

XS
SM
MD
LG