Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда мерзімінен бұрын өткелі отырған президенттік сайлауға түскісі келетін үміткерлер саны сағат санап өсіп бара жатқан сыңайлы. Қазірдің өзінде тілек білдіргендедің барлығы 13- 15ке жеткен, олардың қатарында зейнеткерлер мен жұмыссыздар да бар. Алдыңғы үміткерлердің кейбірі мемлекеттік тілді меңгенру сынағынан өте алмай, Жоғарғы сотқа дейін шағымданып жатса, осыған дейін де бір емес бірнеше мәрте президенттік сайлауға «Аттан, Қазақстан!» ұранымен қосылған Амантай қажы Асылбек болса, қазақ тілін өте жетік білетіндігін айтып, емтиханды қиналмай тапсыратындығын мәлімдеді. Таяу шығыс елдеріндегі толқулы көңіл күйге тоқтала отырып, Иран мен Йемендегі шерулердің түп-тамырын да зерттеп көреміз. АҚШ пезиденті Барак Обама автократиялық жүйе орнатқан басшыларға «билікті күшпен сақтап тұра алмайсыздар» деп ескертті. Қаланы көгалдандырумен айналысатын «Зеленстрой» АҚ-ының жұмысшылары кәсіпорыннан бес айдан бері алмаған жалақыларын талап етіп, жұмыс істеуден бас тартты. Қарапайм тұрғындар арасындағы Азаттықтың сауалнамасы сіз Қазақстан президенттігіне сайлауға түскіңіз келсе, «мемелекеттік тіл сынғынан өте аламын» деп ойлайсыз ба деген тұрғыда қойылған еді. Президенттік сайлауға түспекші үміткерлердің біріне ақын Қасым Аманжоловтың өлеңін мәнерлеп оқу және Жәнібек пен Керей ханның қазақ хандығын құрудағы басты идеясы қандай болды деген сұрақтар қойылған екен, Азаттық радиосының тілшілері де сауалнамаға қатысқан тыңлармандарға да дәл осы екі сауалды қойған болатын.

XS
SM
MD
LG