Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Астана уақытымен сағат 24.00-де Орталық сайлау комиссиясы президент болуға үміткер азаматтардың өтінішін қабылдауды тоқтатты. Ең соңғы болып жеке кәсіпкер Серік Сапарғали жексенбі күні кешкі сағат тоғыздар шамасында Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өтінішін берді. Он бес күннің ішінде Орталық сайлау комиссиясына президент сайлауына өз кандидатураларын ұсынған 22 азаматтан өтініштер түскен. Олардың ішінен Орталық сайлау комиссиясы ақпанның 18-і күні қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевты кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдап та қойды. Ал бұл аралықта Қазақстанда бірнеше партия мен үкіметтік емес ұйымдар «Конституцияны қорғау» комитетін құрды. Олар мерзімінен бұрын өтпекші президент сайлауына байкот жариялап, жүйелі түрде бұл шараға қарсылық білдірмекші. Кезектен тыс президенттік сайлауға бойкот жариялау ұсынысын жасаған «Халық билігі» саяси блогы сайлаудан кейін елде тұтыну бағасы күрт қымбаттайтынын айтады. Билік өкілдері мұны «негізсіз байбалам» деп жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG