Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстандық оқырмандар Азаттықтың сайтын ашып, оқи алмай жатқандықтарын айтып, шағымданып жатыр. Қазақстанда сайлау алды науқан қыза түскен сайын, ел көлемінде хабар тарататын вебсайттардың бірқатары олардың қатарында Азаттық. орг сайты да бар, апта басынан бері ашылмайтын халге душар болған. Орталық сайлау комиссиясы үміткерлердің өтініш беру кезінде заңдылықтардың қаншалықты сақталғаны турасындағы қорытындыларын жариялады. Қазақстан бас прократурасы халықаралық Интерпол ұймының іздеу жариялап отырған адамы - бас прокурордың орынбасары Асхат Дауылбаев емес, бұл жерде түсініспестікпен қателік кеткен болар деп мәлімдеді бейсенбі күні Астанада. Халық толқуы жалғасып жатқан Ливиядан шетелдік мемлекеттер өз азаматтарын жедел шығарып алып кетіп жатыр. Биыл 1986 жылы Қазақстан жастарын тоталитарлық совет жүйесіне тұңғыш бас көтерткен Желтоқсан оқиғасына - 25 жыл толады «Желтоқсан ақиқаты» ұйымы Желтоқсан оқиғасында жәбір көрген азаматтардың ақталуын талап етіп отыр. Тиісті орындар болса Желтоқсаншыларды ақтау ісінің барлық куәлік пен куәгерлердің дәлел-айғақтары болған жағдайда ғана сот арқылы шешілетіндігін айтады. Сарапшылар болса, бұл мәселенің түп-тамырында желтоқсан шындығының ашылмауына мүдделі биліктің ықылассыздығы жатыр деп есептейді.

XS
SM
MD
LG