Accessibility links

Денсаулық


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Аутизм - дегеніміз шындықтан ауытқу, өзімен-өзі болып, немқұрайлық немесе сыртқы құбылыстарға қатысты қимыл әрекеттердің болмауы. Науқастар ортамен қарым-қатынаста үлкен сезімталдық танытады. Дәрігерлердің айтуынша, балалар аутизмі жасөспірімнің қоршаған ортамен байланысының жоқтығымен немесе жоғалуымен сипатталады. «Үш жасында ерте балалар аутизм деген диагноз қойды. Оған қарамастан біз Мәскеуге барып төрт түрлі ресейлік дәрігерлерге қаралдық. Олар да диагнозды растады. Тіпті балам ешқашан сөйлемейді деп айтты. Біз қол қусырып отыра алмадық. Елге оралғаннан кейін жергілікті психологтармен бірге жұмыс бастадық. Осы жұмыстың нәтижесінде ол үш жылдан кейін сөйледі, яғни бес жасында алғашқы сөзін айтты. Одан ары жағдай тез оңала бастады. Сөздік қорын көбейтіп, кәдімгі баладай қимыл көрсетті. Қазір ол төртінші сыныпқа барады, жасы он екіде», - Жанат Қаратай. Аутизмнің себептері толық және анық емес.Синдромның негізінде генетикалық факторларының маңызы зор дейді мамандар. Сондықтан қазір көптеген танымал биология зерттеушілері көбінесе аутизм тұқым куалау арқылы тарайтын ауру екендігін дәлелдеп отыр. Туқым куалау арқылы тарау механизмі толық белгісіз, бірақ симптомның дамуы бір геннан емес гендік топқа байланысты.

XS
SM
MD
LG