Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

28 ақпан күні Алматыда әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Бритиш Консул Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Зерттеу институттары және инновация, Қазақстанда Ұлыбританиялық тәжрибені қолдану мүмкіндігі» атты семинар өтті. Оған жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен проректорлары қатысып зерттеу институттарын құру жолдары мен ерекшеліктерін талқылады. «Ғылым туралы» заңды қаңтар айының соңында Қазақстан парламенті мақұлдап, президенттің құзырына жіберген болатын. Заңға Қазақстан президенті ақпанның 18-інде қол қойды. Мамандардың айтуынша, жаңа заңдағы басты жаңалықтардың бірі - елде зерттеу институттарын құру. Білім және ғылым министрлігі оқу орындарын оңтайландыру процесін 2012 жылы аяқтамақ.

XS
SM
MD
LG