Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Астанада қоғамдық комиссия құрылып, ол сайлауға рухани баға бермекші болып жатса, Алматыда президенттік сайлау жарысынан шығып қалған үміткерлер мен дөңгелек үстел талқылауын өткізген бірқатар жастар ұйымдары сайлауға бойкот жариялау ойларын айтады. Ақмола облысындағы Атбасар түрмесінде денелерін тілгілеп наразылық шарасын жасаған тұтқындар саны қанша: 8 адам ба әлде құқық қорғаушы мәлімдегендей 60-тай бола ма? Айта кету керек мұндағы 166/4 қатаң режимдегі колонияда аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандар жаза мерзімін өтейді. Қазақстандық тәуелсіз саясаттанушы және «Эксклюзив» журналының бас редакторы Расул Жұмалы Нұрсұлтан Назарбавтың бір күн бұрын «Нұрмедиа» холдингіне қарайтын басылымдардың жетекшілерімен кездесуде сөйлеген сөздерін саралай келіп, президенттің сайлау алды үгіт- насихат шараларын жүргізбеймен деп мәлімдеуі – оның сайлауда жеңіске жетулен сенімділігінен болуы әбден мүмкін деп тұжырымдайды. Иранда оппозиция жетекшілері түрмеге қамалды деген хабарларды билік жоққа шығарып отыр. Араб әлемінде тыныштық орнағанша қазақ мұнайы қымбаттай береді, Қазақстаннан оған келер пайда аз мерзімдік қана деп жазады Central Asia Newswire.  

XS
SM
MD
LG