Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Рахат Әлиев мәлімдеп отырғандай Қазақстан президенті Қытаймен құпия келісім жасасқан ба? Тіркелмеген Алға партиясының жетекшісі Владимир Козлов Рахат Әлиевтің үндеуінде айтылған осы жайттарға қатысты президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жауап беруін талап етсе, Азаттық тілшісі хабарласқан ресми орындар мұндай деректерді әзір өздерінің естіме- гендерін айтты. Түнгі 12-де Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы презөиденттік сайлауға қатысқысы келетін үміткерлерді кандидат ретінде тіркеуді аяқтайды. Астана уақытымен кешкі жетіге дейін президенттік сайлауға түсетін болып, тіркелген кандидаттар саны 4-еу қалпында қалып отырғандығын тілшіміз хабарлады. Президенттәік сайлау жақындаған сайын Қазақстанда қымбатшылықтың да қысып бара жатқанына наразы зейнеткерлер сәрсенбі күні Алматыда көшеге шыққан екен. Наурыздың бірінен бастап қоғамдық көліктердегі зейнеткерлер мен студенттерге арналған жол билетінің жеңілдігі де жойылған. Әкелі балалалы Лукашенко немесе алты жасынан- ақ беларустың саясатына араласа бастаған Коля деген бүлдіршін кім? Каддафиді қолдаушы күштер мен оған қарсы күштер арасында қақтығыстардың жалғасып жатқаны турасында да хабарлар түсуде.

XS
SM
MD
LG