Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Қазақстанда президент сайлауы алдындағы саяси өмірдің қызып тұрғандығы күндегі жаңалық хабарлардан аңғарылады. Бейсенбі күні ғана кешке жақын elbasy.net деп аталатын жаңа бір сайт ашылып, онда «Назарбаев биліктен кетсін!» деген азматтар қол қойып жатыр екен. Бір тәулікке толар-толмас мерзімде олардың саны 80-ге жуықтаған. Ал бұл аралықта «Халық билігі» блогы пезиденттік сайлауға түсетін кандидаттарды өз кандидатураларын сайлаудан алып тастуға шақырған үндеу жариялады. Қазақстанда 2012 жылға дейін арналған адам құқығы жөніндегі ұлттық іс қимыл жоспары деп аталатын жоба таныстырылды, құқық қорғаушылар болса, адам құқы жиі бұзылатын қоғамда мұндай жоспар ешнәрсе өзгерте алмайды деген пікірде. БҰҰ-ның өкілдері мен Қазақастан шенеуніктері Қазақстанның адам құқтары саласындағы жағдайды түрліше деңгейде бағалайды Жиырмасыншы ғасыр басындағы Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханұлының туғанына 145 жыл толды. Ливиядағы саяси ахуалдың жүма күні қалай бет алғанын қамтимыз, АҚШ президенті Барак Обама Ливияда жалғасып жатқан толқуларға қатысты барлық жайттардың қарастырылып жатқанын айтты. Қазақстандағы саяси жағдайдың қалай құбылып өзгеретіндігі Назарбаевтың денсаулығына ғана байланысты және соған тәуелді деп жазады «Рейтерс» басылымы.

XS
SM
MD
LG