Accessibility links

Күнделікті бағдарлама


please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00
Жүктеп алу

Сайлау науқанын насихаттауға қазақстандық шоу-бизнес өкілдері де атсалыса бастады, олардың бір тобы елді сайлауға қатысуға шақырса, ендігі бір тобының сайлауға қатысты ұстанымдары бұған қарама-қайшы. «Халық билігі» саяси блогы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан «Қытайға 1 миллион гектар қазақ жері 99 жылға жалға берілді ме, жоқ па?» деген сұраққа жауап беруін талап еткен күні Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттардың жалған екендігін мәлімдеді. Ал Азаттық радиосының сайтындағы Онлайн конференция қонағы болған, Назарбаевтың бұрынға күйеу баласы болса, оқырмандар сауалдарына жауап беру барысында жер туралы өзінің бұдан бұрын жариялған деректерінің шындық екендігін дәлелдейтін құжаттарым бар деп отыр. Аналитикалық ұйымдар альянсы Қазақстан тұрғындарының 8 пайызы ғана белсенді түрде наразылық акциясына дайын. Ал респонденттердің 40 пайызы «себеп бола тұрса да, ешқашан наразылық акциясына қатыспайды» деген сараптама жасаған. Ливиядағы ереуілшілерге қарсы үкіметтік күштердің шабуылдары жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG