Наурыздың 11-не қараған түні Алматы облысындағы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылының ондаған тұрғыны наразылық шарасын өткізді. Олар жергілікті қызды зорлық-зомбылықпен өлтіру әрекетіне қатысты шара қолдануды талап етті. Ақпан айының аяғындағы оқиғаға қатысты күдікті бір азамат тұтқындалған. Азаттық тілшісі осы Бесағаш аулынан хабарлайды Жұма күні Түркістанда шығармашылық өкілдерімен кездесуде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі әйелдердің хиджаб тағып, пәренже киюіне қарсы екенін туралы мәлімдеді. Ал Астанада қыз- келіншектерідң хиджаб киюін қолдайтын бір топ ер азамат аштық акциясын жариялағандықтарын мәлімдеп отыр. Әзірбайжан полициясы билікке қарсы шеру өткізбекші болған белсенділерідің бір тобын қамауға алды.