Accessibility links

Руханият


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Руханият айдары бойынша, "Қазақ әдебиетінің әлем тілдеріне аударылуы" атты хабарға қатысқан әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің әдеби аударма кафедрасының профессоры Әнуар Тарақ: -Қазақ әдебиеті, оның ішінде ауыз әдебиеті өзге елдермен салыстырғанда шоқтығы биік. Алайда Қазақстандағы аударма саласының кемшіндігінен ешкім білмейді. Егер біз әдебиетімізді әлемге танытамыз десек,алдымен аударманы жолға қою керек. Кешегі совет одағының тұсында аударма саласы өзінің шырқау биігіне жетті. Ол 1960-1985 жылдар аралығы болатын. Қазір ол жүйе жоқ. Жазушылар одағының жанынан болса да аудармамен айналысатын әдеби бірлестік ашып, аудармашыларды сонда топтау керек, - дейді. Ал, әдебиетші Әмірқан Меңдеке «қазір аударма түгілі ана тілдің өзі құрдымға кетіп барады. Билік басына қазақ тілді адам келмей бұл саланың дамуы мүмкін емес», - дегенді айтты.

XS
SM
MD
LG