Accessibility links

Уақыт бедері


please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Алматы қаласында наурыз айының 10-нан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Баршаға ортақ кино апталығы» басталды. Бұл шара наурыздың 17 дейін жалғасады. Ол жұртшылық назарын мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін демалыс орындарының қолжетімсіздігі проблемасына аударуға бағытталған. «Баршаға ортақ кино апталығы» аясында мүмкіндігі шектеулі жандар Алматыдағы 15 кинотеатрға тегін кіре алады. «Жақсы ұйымдастырылған. Мүмкіндігі шектеулі адамдар көбінесе үйде отырады. Олар да шыққысы келеді, көргісі келеді» деді Қасымхан Шоқанов. Ол қазіргі уақытта «Элдани» қайырымдылық қорында жұмыс істейді. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда жарты миллионға жуық мүмкіндігі шектеулі жан өмір сүрсе, қазіргі кезде соның 5200-і, яғни 1 пайызы ғана жұмыспен қамтылып отыр. Олардың басым бөлігі әлеуметтік және қоғамдық қызметке тартылған. Ал жеке секторда қызмет істеп жүргендердің үлесі өте аз. Қалған 99 пайызының ішінде жоғары кәсіби білімі барлары да аз емес. Бір ғана Алматыда 50 мыңға жақын мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрады.

XS
SM
MD
LG